білім беру үдерісіне және қоғамға инклюзивті тәжірибелерді енгізуге атсалысамыз.
Ozim Academy – бұл өз зерттеу және дамыту орталығы бар академия,
мұнда педагогтар мен ата-аналар әрбір баланың дамуына және әлеуетін ашуға көмектесу үшін
инклюзияның халықаралық үлгілерін меңгереді.
+7 701 183 08 87
білім беру үдерісіне және қоғамға инклюзивті тәжірибелерді енгізуге атсалысамыз.
Ozim Academy – бұл өз зерттеу және дамыту орталығы бар академия,
мұнда педагогтар мен ата-аналар әрбір баланың дамуына және әлеуетін ашуға көмектесу үшін
инклюзияның халықаралық үлгілерін меңгереді.
БІЗ ТУРАЛЫ
OZIM- бұл
Біз — “Ozim Platform” қоғамдық қорының инклюзивті білім беру саласындағы зерттеушілер командасымыз. Назарбаев Университетінің (Білім жоғары мектебі) түлектері ретінде біз ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін сапалы білімді баршаға қолжетімді етуді мақсат тұтатын ортақ идея төңірегінде біріктік.
2020 жылы біз ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуына арналған жетекші сарапшылардың ұсынымдарына 6 000-нан астам отбасыға қол жеткізу мүмкіндігін берген Ozim Platform мобильді қосымшасын іске қостық. Біз 400-ден астам оқыту материалын әзірледік, 3 зерттеу жүргіздік, халықаралық марапаттарға ие болып, БҰҰ тарапынан Digital Public Good (DPG) мәртебесін алдық. Бүгінде біз жобаны педагогтерге арналған жасанды интеллектке негізделген жаңа буындағы EdTech-платформа ретінде ауқымдап жатырмыз.
Біздің миссия
Біз ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандарға арналған оқыту бойынша инклюзивті тәсілдер мен ғылыми дәлелденген әдістерге негізделген инновациялық шешімдер ұсынамыз.
Біздің мақсат
Біздің мақсатымыз — мамандардың әлеуетін тәжірибеге бағытталған оқыту мен жасанды интеллект технологиялары арқылы арттыру.
САНДАР СӨЙЛЕСЕ
  • 5000
    ПЕДАГОГ ОҚЫТЫЛДЫ
  • 27+
    МЕКЕМЕ
  • 95%
    АТА-АНА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАЙҚАЙДЫ
ЕБҚ бар балаларды қабылдау туралы көптеген өтініштер түседі, бірақ неден бастарымды білмеймін: командаға арналған оқытудан ба, әлде орталықтың даму стратегиясын қайта қараудан ба?
01
ЕБҚ бар оқушымен жұмыс істеу барысында қиындықтарға тап болдым — оған оқу материалын қалай бейімдеу керектігін білмеймін.
02
Балам білім беру орталығына барады, бірақ оған жеке көзқарас байқалмайды.
03
Бұл жағдайлар сізге таныс па?
БІЗДІҢ ШЕШІМ
Сіздің ұйымыңызда инклюзияны енгізудің қадамдық нұсқаулығы
01
ЕБҚ бар балалармен жұмыс істеуге арналған практикалық әдістер мен құралдар
02
ЕБҚ бар балаларды тиімді қолдау және сүйемелдеу
03
КЕЙСТЕР
ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ
  • Корпоративтік оқыту
    Біз балабақша, мектеп және орталықтардың командаларын – педагогтардан бастап әкімшілерге дейін оқытамыз.
    Біздің бағдарламалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқуын шынымен инклюзивті және тиімді ету жолдарын көрсетеді.
    Оқыту үдерісі тәжірибеге негізделген, мысалдар мен сарапшылардың қолдауымен өткізіледі.
  • Инклюзия аудиті
    Біз сіздің балабақшаңыздың, мектебіңіздің немесе орталығыңыздың қазіргі инклюзивті стандарттарға қаншалықты сай келетінін тексереміз.
    Қай бағыттар жақсы жұмыс істеп тұрғанын және қай жерлерді жақсартуға болатынын көрсетеміз.
    Нәтижесінде – күрделі терминдерсіз, түсінікті есеп пен қадамдық ұсыныстар аласыз.
  • Қиындықтарды диагностикалау
    Инклюзияның неге ілгерілемей жатқанын анықтауға көмектесеміз: сауалнамалар, сұхбаттар және бақылаулар жүргіземіз.
    Одан кейін нақты шешімдер ұсынамыз — нені өзгерту керек, кімді оқыту қажет және алғашқы қадамдарды қалай жасауға болатынын көрсетеміз.
  • Стратегия мен саясатты әзірлеу
    Сіздің ұйымыңыздың дамуына арналған «жол картасын» жасауға көмектесеміз: идеядан бастап нақты қадамдарға дейін.
    Бірлесе отырып, инклюзия саясатын, іс-қимыл жоспарын және стандарттарды қалыптастырамыз — команда өзгерістерді күйзеліске түспей, жүйелі түрде енгізе алуы үшін.
МҰҒАЛІМДЕР МЕН МАМАНДАРҒА
АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ
Оқыту бағдарламалары
Біз педагогтар, логопедтер, психологтар және тьюторларды біріктіріп,
оларды толғандыратын өзекті мәселелерді бірге талқылаймыз — күйіп-жанудың алдын алу, құралдардың жетіспеушілігі, балалардың мінез-құлқымен байланысты қиындықтар.
Тек теория емес — тәжірибеде дәлелденген әдістер мен дайын шешімдер ұсынамыз.
Әдістемелер мен құралдар
Оқудан кейін сізде тек білім ғана емес, сонымен қатар чек-парақтар, үлгілер, бақылау сызбалары,
жеке жоспарлардың мысалдары және күнделікті жұмысты жеңілдететін қарапайым нұсқаулықтар қалады.
Менторлық қолдау
Біздің сарапшылар мен тренерлер тәжірибе барысында қолдау көрсетеді: нақты жағдайларды талқылауға,
кері байланыс алуға және өз әрекеттеріңіздің дұрыстығына сенімді болуға мүмкіндік береді.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ
  • Баланың жеке даму жоспары
    Біз ата-аналарға өз баласын қалай қолдау керегін түсінуге көмектесеміз:
    бағалау жүргізіп, даму жоспарын құрамыз және ең пайдалы болатын сабақтар мен тәсілдерді ұсынамыз.
  • Ата-аналарға арналған курстар
    Біз қарапайым тілмен үй жағдайында балаға қалай көмектесуге болатынын түсіндіреміз:
    сөйлеуді, зейінді, сезімталдықты дамыту жолдарын, күрделі мінез-құлықпен қалай жұмыс істеуді үйретеміз.
    Сондай-ақ басқа ата-аналар мен мамандардың пайдалы кеңестерімен және қолдауымен бөлісеміз.
  • Сөйлемейтін балаларды коммуникацияға үйрету
    Бала өз қалауын мен сезімін жеткізе алуы үшін планшетті, карточкаларды немесе ассистивті технологияларды қалай қолдануға болатынын үйретеміз.
    Бұл – шынайы қарым-қатынас пен өзіне сенімділіктің алғашқы қадамы.
  • Көркемдік курстар
    Шығармашылық балалардың ашылуына көмектеседі.
    Біз балалар сурет салып, мүсін жасап, өз қолымен туынды құратын арт-сабақтар өткіземіз,
    ал суретші-тәлімгерлер оларға өзіне сенуге және қабілеттерін еркін көрсетуге жәрдемдеседі.
ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЫЗ ТУРАЛЫ
Қалай жұмыс жасаймыз?
Біз ерте араласу бағдарламалары мен инклюзивті әдістерді тәжірибеде сынақтан өткіземіз, деректерді жинап, талдаймыз — бұл тиімді тәсілдерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерінің негізінде мамандар мен білім беру ұйымдарына арналған ұсынымдар әзірлейміз. Балалармен сабақтар жеке және топтық форматта өткізіледі, бұл әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Бір жақты айна бар бақылау бөлмелері — мамандарға балалармен жеке және топтық сессиялар өткізуге мүмкіндік береді, ал зерттеушілерге процесті бақылап, деректерді нақты уақыт режимінде тіркеуге жағдай жасайды.

Бейнебақылау жүйесі — әрбір бөлме сессияларды жазып алатын камералармен жабдықталған. Барлық материалдар қауіпсіз түрде біздің серверде сақталады, бұл даму динамикасын талдауға, прогресті қадағалауға және ғылыми зерттеулер үшін деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Заманауи жабдықтар
Ерте араласу және инклюзия саласындағы мамандар.
Балалардың дамуын және түрлі оқыту әдістерінің тиімділігін зерттейтін зерттеушілер.
Баласының дамуын қадағалап, қолдауға қатысқысы келетін ата-аналар.
Бұл кеңістік кімдер үшін жасалған?
Ойын және оқыту ортасы
Бөлмелер жастағы ерекшеліктері мен балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып таңдалған әртүрлі ойыншықтар, дамытушылық ойындар және оқу құралдарымен жабдықталған.
Бұл тәсіл баланың ойын арқылы өзін көрсетуіне, өзгелермен қарым-қатынас жасауына және жаңа дағдыларды дамытуына мүмкіндік беретін табиғи, жайлы әрі ынталандыратын орта қалыптастырады.
Альтернативті коммуникациялар
Сессиялар
Балалардың сөйлеу дамуын бағалау мақсатында біз үш күндік диагностика жүргіземіз.
Бағалау құралдары ғылыми деректерге, халықаралық тәжірибелерге және Назарбаев Университетінің Білім жоғары мектебінің профессорларының қатысуымен әзірленді.
Диагностика
Біз балалардың сөйлеу дамуын бағалау мақсатында 3 күндік диагностика жүргіземіз.
Бағалау құралдары ғылыми мәліметтерге, халықаралық тәжірибелерге және Назарбаев Университетінің Білім жоғары мектебінің профессорларының қатысуымен әзірленді.
Ozim Academy-дің алғашқы бастамасы — балабақша мен мектептерге альтернативті коммуникация технологияларын енгізу, сөйлемейтін балалардың ойлары мен сезімдерін білдіруіне жағдай жасау.

Әр балаға қандай құралдар мен тәсілдер қажет екенін анықтап, олармен біздің зертханаымызда жеке және топтық сабақтар өткіземіз.
Шынайы нәтижеге қол жеткізген әдістерді педагогтерді оқытуда қолданамыз, осылайша мүмкіндіктерді мүмкіндігінше көп балаларға ұсынуды мақсат етеміз.
БІЗДІҢ КОМАНДА
СЕО
Асем Тажиева
Маркетинг
Асель Аймушева
Операциялық басқарушы
Алия Хамза
CТO
Арсен Иргибаев
ПІКІРЛЕР
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
OZIM ACADEMY
ӨЗГЕРІСТЕРДІ БҮГІН БАСТАҢЫЗ!
Барлық сұрақтарға бірнеше жауап берсеңіз, сізге маман арнайы сізге арналған ең тиімді шешімді тегін кеңес ретінде ұсынады.
Мен -
Асем Тажиева СЕО
Өзіңіз туралы айтып берсеңіз — сіз ұйымсыз ба әлде ата-анасыз ба? Бұл бізге сізге тегін консультацияны жақсырақ дайындауға көмектеседі.
Маған қажет қызмет:
*Select one or more options
Рахмет!
Жақын арада біздің менеджер сізбен хабарласады
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУ:
+7 701 183 08 87
info@ozim.ngo

Астана қаласы,
Әлихан Бөкейхан 25
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізбен хабарласамыз!
Бізбен келесі нөмір арқылы байланыса аласыз:
+7 701 183 08 87
Made on
Tilda